2021 жылғы 14-15 шілде аралығында «Хирургия негіздері» тақырыбына ақысыз тегін семинар өтеді

бейсенбі,  8  Июль  2021

   «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «Ересектер, балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша резидентураға мамандарды қабылдау аясында Ғылыми-білім беру симуляциялық орталығы базасында «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интерндер үшін 2021 жылғы 14-15 шілде аралығында «Хирургия негіздері» тақырыбына ақысыз тегін семинар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
  Алдын ала тіркелу міндетті. Семинарға қатысу үшін мына телефон арқылы өтініш беру қажет:

  8 (7172) 62-11-47, 62-10-90, e-mail: Dana.Kapenova@ncn.kz

  Өзімен бірге болу керек:
  1. Халат;
  2. Ауыстыратын аяқ киім;
  3. Егу паспорты немесе мерзімі 5 күннен аспайтын COVID-19 үшін ПТР талдау нәтижесі.


тiзiмге қайтару