11 сәуір күні әлемде Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күні аталып өтіледі.

дүйсенбі,  11  Апрель  2016

11 сәуір күні әлемде Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күні аталып өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын өткізіледі және аталған ауру туралы қоғамды көбірек ақпараттандыруға арналған.
Паркинсон ауруы – созылмалы ауру, оның нәтижесінде мидың нейрондары бұзылады және өледі. Аурудың негізгі белгілері: қолдың дірілдеуі, қозғалыстың бәсеңдеуі, қозғалыстың бөгеліп қалуы, ауырсыну, қозғалыс динамикасы және психиканың бұзылуы. Ауру ақыл-ес толығымен сақталып қалуымен мүгедектікке әкеледі.
Паркинсон ауруы – әлеуметтік проблема, өйткені адам өз бетімен өмір сүру қабілеттілігін жоғалтады. Әлемде паркинсионизммен 60 жастан асқан ересектердің 1% -дайы азап шегеді. Аурудың этиологиясы әлі күнге дейін соңына дейін айқындалмаған. Қауіп-қатер аймағына ересек адамдар (40 жастан соң) түседі. Ауру ген арқылы тұқым қуалаушылық бойынша беріледі деген болжаулар бар, бірақ аурудың дамуына жауап беретін ген әлі анықталған жоқ. Жыл өткен сайын аурудың белгілері тіпті 30-40 жаста пайда болған адамдардың саны көбеюде. Жыл сайын ДДС мәліметтері бойынша аурудың 300 мыңнан астам жаңа жағдайлары тіркеледі.
Біздің елімізде осындай науқастардың 20 мыңы тіркелген. Алайда, қазақстандықтардың денсаулықтарын толық қалпына келтіру мүмкіндіктері пайда болды. Жақын уақыттан бері «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аталған патологияны нейрохирургиялық емдеу әдістерін енгізді және сәтті қолдануда. Экстрапирамидалық патологиясы бар пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында барлық Қазақстаннан пациенттерді бақылау және емдеу өтетін қозғалыс бұзылыстары кабинеті ұйымдастырылды. Бүгінгі күні орталықта Паркинсон ауруына хирургиялық емдеу жүргізіледі, 130 операция сәтті жасалды. Бұдан басқа, «ҰНО» АҚ-да қозғалыс бұзылыстары бар науқастарға аталған патологияны толық кешенді емдеу ұсынылған: күндізгі стационар, массаж, физиопроцедуралар, күнделікті белсенділік оқытулары өткізіледі, тамақтану, емдік денешынықтырулар бойынша кеңестер беріледі.
Бүгінгі күні неврологтардың Паркинсон ауруын емдеудегі негізгі міндеті оны ерте диагностикалаумен, дұрыс таңдалған емдеумен байланысты. Бұл аурудың асқынуын шегеруге және ұзақ уақыт бойы кәсіби және тұрмыстық белсенділігін сақтауға, тез мүгедектікке әкелуін болдырмауға және толық өмір сүруіне мүмкіндік береді.


тiзiмге қайтару