Нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шаралар өтті

сейсенбі,  19  Октябрь  2021

  Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Мұндай іс-шараның мақсаты діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қаупінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

  Клиника холлдарында, келушілер мен пациенттер көп жиналатын жерлерде ақпараттық-түсіндіру материалдары (флаерлер, кітапшалар) таратылды. Аталған акция клиника қызметкерлерінің, келушілерінің және пациенттерінің арасында діни сауаттылықты жетілдіруге бағытталған.

  Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында дайындалған бейнероликтерді Сіз келесі  сілтемелер бойынша көре аласыз:

https://youtu.be/gVhnfUhxIv0- «Біздің тарихи таңдауымыз - зайырлы мемлекет және қоғам»

https://youtu.be/PvNYqEIRGUw - «Адамгершілік туралы»

https://youtu.be/W2tbGAy04z8- «Дұрыс діни білім - Сіздің және қоғам қауіпсіздігінің кепілі!»

 https://youtu.be/tsEgDCucjCk- «Терроризм-социальный феномен / Терроризм-әлеуметтік феномен»


тiзiмге қайтару