Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрорадиологиядағы МРТ» тақырыбында шебер-класс өтті
сейсенбі, 30 Ноябрь 2021
Ағымдағы жылдың 29-30 қарашасы аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында шетелдік мамандардың қатысуымен «Нейрорадиологиядағы МРТ» тақырыбында шебер-класс өтті.
Білім беру курстарын өткізу үшін «академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми орталығы» ФМАО ғылыми қызметкері, дәрігер-рентгенолог, Ғылыми білім беру орталығы кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Батталов Артем Игоревич, Мәскеу қаласы, «Федералдық нейрохирургия орталығы» ФМБМ сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-рентгенолог, РҒА ММИ аспиранты Талыбов Рустам Сабирович, Тюмень қаласы, Ресей және ТМД ЭДСМ департаментінің медициналық кеңесшісі, GE Healthcare Крымский Игорь Сергеевич, сондай - ақ Ресей мен ТМД медициналық кеңесшісі, GE Healthcare Pharmaceuticals Сурмава Алекси Емзариевич келді.
Шебер-класс барысында шетелдік әріптестер нейроонкология бойынша өз баяндамаларын ұсынды, практикалық сабақтар өткізді: функционалдық МРТ, Трактография, Signa Architect 3 Тесла аппаратында алынған деректерді өңдеу және хаттаманы толтыру. Мамандардың пікірінше, бұл білім беру курстары диагностиканың заманауи әдістерін жетілдіруде, сондай-ақ шетелдік әріптестердің тәжірибе алмасуында қажет.







