Ұлттық нейрохирургия орталығы JCI ре-аккредитациясынан өтті
сейсенбі, 26 Апрель 2016
2016 жылдың 29-шы наурызы мен 1-ші сәуір аралығында 4 жұмыс күні бойы орталыққа жан-жақты, егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын тәуелсіз халықаралық комиссиясы – АҚШ-нан аудитор дәрігер, м.ғ.д., Гарвард Университетінің ғылым магистрі Патрисия О-Шей; АҚШ-нан мейіргер, ғылым магистрі Эн Уоткинс; Нидерландыдан әкімші, пациенттердің қауіпсіздігі бойыша философия докторы Озлем Йылдырым жүргізді. Клиниканың барлық қызметтері – дәрігерлердің, орта және кіші медициналық персоналдың, әкімшілік блоктың, инженерлік және медициналық емес қызметтердің жұмыстары тексерілді.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 2013 жылы аталған аккредитацияны бірінші рет алғандығын еске саламыз. Алайда, JCI стандарттары бойынша халықаралық аккредитация туралы сертификаттың іс-әрекет ету мерзімі үш жылды құрайды. Осы мерзім аяқталған соң медициналық қызметтердің сапасының сәйкестілігін растау үшін емдік мекеме ре-аккредитациядан өтуі керек. Бұдан басқа, аккредитациялар аралығында JCI сарапшылары аккредитеттелген ұйымдардың қызметіне қадағалау тексерістерін жүзеге асырады. Бұл - медициналық қызмет көрсетудің әртүрлі кезеңінде ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік болып табылады.
JCI - медициналық мекемелерді аккредитеттеу бойынша ірі халықаралық ұйым болып табылатындығы барлығына мәлім. JCI инспекторлары медициналық көмектің сапасымен және қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің барлық аспектілеріне, қоса алғанда дәрігердің науқасты қарауы мен емдеуі, мейіргердің күтімі, хирургиялық қауіпсіздік, қауіп-қатер тобындағы пациенттерді емдеу және күтудің ерекшеліктері, дәрілік заттарды қолдану, пациенттерді оқыту, инфекциялық бақылау, ғимарат және инженерлік-коммуналдық жүйелердің қауіпсіздігі, адами ресурстарды басқару бойынша бөлімнің жұмысы, жұмысты жақсарту әдістері, риск-менеджмент, ақпараттарды басқару және мәліметтердің статистикалық талдауы, медициналық қателіктерді талқылау және түзетуші шараларды қабылдау, ұжымдағы жағдай және қауіпсіздік мәдениеті деңгейіне назар аударады. Егерде осы стандарттарды басқа сапа жүйесі стандарттарымен (ISO 9001, EFQM, сапа бойынша сыйлық) салыстырсақ, JCI стандарттары біршама күрделі, қол жетпейтін және медициналық ұйымдар үшін арнайы әзірленген. Аталған аккредитацияға дайындық кезінде медициналық мекеме көптеген жағдайда өз жұмысын қайта қарап, жақсартады. Сондықтан, сөз бюрократтық тәртіп туралы емес, медициналық ұйымның кезекті даму адымы жайлы айтылады.
Әлем бойынша JCI стандарттарына 600-дей аурухана сәйкес келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда JCI стандарттары бойынша 7 медициналық ұйым, РФ-2, Литвада-3, Молдовада-1 аккредитеттелді.
JCI халықаралық аккредитациясын қайтадан алу Ұлттық нейрохирургия орталығының емдеудің және сапа стандарттарының жоғары қауіпсіздігіне бейімделуін растайды, бұл қазақстандықтардың ел шекарасынан аспай жоғары сапалы медициналық қызметтерді алуларына мүмкіндік береді.







