2022 жылдың 22 ақпанында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Махамбетов Ербол Тарғынұлы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.
сейсенбі, 22 Февраль 2022
2022 жылдың 22 ақпанында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, медицина ғылымдарының кандидаты Махамбетов Ербол Тарғынұлы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Махамбетов Ербол Тарғынұлы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ профессоры, Қазақ нейрохирургтары Ассоциациясының қан тамырлары нейрохирургиясы мәселелері жөніндегі комитетінің басшысы, «Қазақстан нейрохирургиясы және неврологиясы» журналының жауапты хатшысы. Ербол Тарғынұлы еуропалық нейрохирургтар қауымдастығының (EANS), Бүкіләлемдік нейрохирургтер конгресінің (WFNS), нейрохирургтардың Азиялық конгресінің (ACNS), Қазақ нейрохирургтары Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Оның басшылығымен және еліміздің нейрохирургиясының клиникалық тәжірибесіне тікелей қатысуымен ми және жұлын тамырларының аневризмалары мен артерия-веналық мальформациялары, ми тамырларының стенозы мен окклюзиясы, мидың артерия-веналық фистулалары сияқты ауруларды емдеудің инновациялық әдістері енгізілді.
Сондай-ақ, Ербол Тарғынұлы үштармақты және тіл-жұтқыншақ нервтерінің невралгиясы кезінде гемифациальді түйілуді және бет ауыруын хирургиялық емдеу әдістерін клиникалық практикаға енгізді. Ол 70-тен астам баспа жұмыстарының, соның ішінде халықаралық рецензияланған журналдардың, 4 өнертабыс патенті мен 3 монографияның авторы.
Ербол Тарғынұлының марапаттары мен жетістіктері:
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, 2011 ж.;
Ерекше үлгідегі медальмен марапатталған, Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2013 ж.;
«Құрмет» орденінің кавалері, 2019 ж.
Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Ербол Тарғынұлын мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және ізгі ниетпен зор денсаулық, мол бақыт, жаңа шығармашылық ізденістер мен жеңістер тілейді!







