Ұлттық нейрохирургия орталығына Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Есенбаев Асылбек Есімханұлы келді
дүйсенбі, 21 Февраль 2022
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Ұлттық нейрохирургия орталығына Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Есенбаев Асылбек Есімханұлы мен оның әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Алғатбекұлы Дәрменияр Қыдырбек-ұлы жұмыс сапарымен келді.
Делегация орталықтың қызметімен, клиникалық бөлімшелердің, атап айтқанда Тамырлы және функционалды нейрохирургия, Жұлын нейрохирургиясы бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қонақтар Орталық Азиядағы жалғыз «Гамма-пышақ» қондырғысы жұмыс істейтін Радиология және радиохирургия бөлімшесінде болды. Бүгінгі таңда Гамма-пышақ жұмысының 9 айында 320 қазақстандық шетелге емделуге бармай-ақ, өз елімізде, осы бөлімшеде ем алды.
Тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу соңында делегация Орталықтың жұмысын жоғары бағалап, клиниканың әрбір медицина қызметкерінің қажырлы еңбегін атап өтіп, Орталық ұжымына зор денсаулық, өркендеу және толағай табыс тіледі.







