Ұлттық нейрохирургия орталығында «Донор бол!» атты донорлық акция өтті.

бейсенбі,  17  Февраль  2022

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында «Донор бол!» атты донорлық акция өтті.
  Акция Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлерінің және Ұлттық нейрохирургия орталығының Трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі Сыздықова Бизада Сәрсенбайқызының басшылығымен өткізілді.
  Акцияға барлығы 56 адам қатысып, 20 литрден астам қан тапсырды. Акцияның ерікті қатысушылары бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал, сондай-ақ нейрохирургия орталығының әкімшілік персоналы болды.
  Клиникада донорлық акциясы жыл сайын өткізіледі және клиника қызметкерлері үшін әрбір осындай акция медициналық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
   Барлық донорларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!


тiзiмге қайтару