Ұлттық нейрохирургия орталығы төртінші рет JCI ре-аккредиттеуден өтті

сейсенбі,  5  Апрель  2022

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ төртінші рет Joint Commission International (JCI) аккредиттеуінен өтті. JCI аккредиттеуі медициналық ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін, ұсынылатын медициналық қызметтердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін мойындайтын ең беделді алтын стандарт.
2022 жылғы 28-31 наурыз аралығында 4 жұмыс күні ішінде JCI тәуелсіз халықаралық комиссиясы онлайн форматта жан-жақты мұқият аудит өткізді. АҚШ аудиторлар тобының құрамында Sharon Coulter James әкімшілік мәселелер бойынша сарапшы және топ жетекшісі, Enrico Baldantoni дәрігерлер бойынша сарапшы және Marie M. Dennis Мейіргер ісі бойынша сарапшы болды.
JCI сертификаты Егер Халықаралық біріккен комиссияның аудиторлар тобының тексеру нәтижелері бойынша медициналық ұйым халықаралық стандарттардың 1200 талаптарына сәйкес келген жағдайда беріледі. Олар бойынша Нейрохирургия орталығының барлық бөлімшелері мен жұмыс үдерістері бағаланды: дәрігерлік емдеуден бастап, медициналық кадрлармен жасақталу, мейіргерлік күтім, ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәрі-дәрмектермен емдеу, пациенттің құқықтарын сақтауға дейін. 2022 жылғы 31 наурыздағы аудит нәтижелері және JCI біріккен Халықаралық Комиссиясының шешім қабылдау ережелері негізінде Ұлттық нейрохирургия орталығына ACCREDITED мәртебесі берілді, бұл Орталықтың аккредиттеуден сәтті өткенін білдіреді.
JCI аккредиттеуінен қайта өту пациенттерді емдеу сапасы мен оларға күтім жасау қауіпсіздігінің тұрақты жақсаруын ынталандырады. Орталықта қазақстандықтардан басқа шетелдік азаматтар да медициналық қызмет алады. Нейрохирургия орталығының емдеу үшін таңдалғаны медициналық қызмет сапасының жоғары деңгейін көрсетеді. JCI алған бүгінгі қайта бағалау осы бағыттағы маңызды жетістік және Ұлттық нейрохирургия орталығының ұйымшыл командасының орасан зор еңбегі екені даусыз.
Әріптестерді ұзақ кәсіби жұмыстың заңды нәтижесі болып табылатын кезекті табысты командалық жұмыспен құттықтаймыз!
Адал еңбек және дайындық барысында іске жауапкершілікпен қарау жемісті жұмыстың табысты аяқталуының кепілі болды!
Барлық ұжымға және барлық бастамаларға табыс тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық нейрохирургия орталығы алғаш рет JCI аккредиттеуінен 2013 жылы өткен болатын. Орталық екінші және үшінші рет аккредиттеуден 2016 және 2019 жылдары өтті. Осы жылы алынған JCI төртінші Халықаралық қайта аккредиттеу - қайта бағалау Ұлттық нейрохирургия орталығының емдеу сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына, сондай-ақ қазақстандықтарға ел шекарасынан аспай-ақ жоғары сапалы медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін беруге бағдарланғанын тағы да растайды.


тiзiмге қайтару