Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттер талқыланды
дүйсенбі, 18 Апрель 2022
Бүгін, 18 сәуірде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ұжымымен өткізілетін апта сайынғы отырыста «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Стратегия және ғылым жөніндегі директоры, «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұяшығының төрағасы Доскалиев Айдос Жақсылықұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мәселесі бойынша сөз сөйледі.
Өз сөзінде Айдос Жақсылықұлы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Жолдауының басым бағыттарына, жаңа Қазақстанның дамуына, елдің жаңа саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымының дамуы мен құрылуына, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің дамуына тоқталды. Сонымен қатар, ҰНО ұжымындағы кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басқа да негізгі міндеттер талқыланды.
Орталық ұжымы Жолдауды тыңдап, Жолдауда көрсетілген міндеттерге қолдау білдірді.







