Нейрохирургия орталығында мойын омыртқаға бірегей операция жасалды
жұма, 5 Декабрь 2014
Бүгін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бірегей операция жасалды. Америкалық мамандар Дирк Аландер және Алишер Азамовпен бірге қазақстандық дәрігерлер омыртқаның мойын бөлігіндегі қозғалысты шектемейтін жасанды омыртқааралық дискке имплантация жасады. Бұл остеохондроздың дамуы нәтижесінде жоғалған омыртқа функциясын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін дискті протездеудің заманауи әдістерінің бірі. Америкалық әріптестер өздерінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісті, АҚШ-та бұл тәжірибе 20 жыл аралығында қолданылады. Протездің басқа түрлері диск функцияларының толық қалпына келтірмейді, бірақ оны имплантациялау үшін қатаң көрсетімдер бар екендігін айта кеткен жөн.







