«НҰО»АҚ-да соңғы үлгідегі құрал-жабдықтың көмегімен жұлын ісігін алып тастау бойынша бірегей операция жасалды

сәрсенбі,  3  Декабрь  2014

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ соңғы үлгідегі құрал-жабдықтың көмегімен жұлынның интрамедуллярлы ісігін алып тастау бойынша бірегей операция жасалды. Бірегей операция америкалық мамандармен бірге жасалынды. Олар бірнеше күн ішінде біздің дәрігерлермен бірге жұмыс істейді. Жұлындағы ісікті алып тастау операциясы бірнеше сағатқа созылады, осы уақыт аралығында хирургтар шын мәніндегі зергерлік жұмысты орындайды. Дәрігерлердің айтуы бойынша ісік жұлынның өмірлік маңызды аймақтарында орналасқан. Хирургтардың міндеті - ісікті алып тастап қана қоймай, пациенттің нерв жүйесіне зақым келтірмеу. Нервтерге микроконтактілер қосылған. Олардың сигналдары мониторға шығарылған. Нейромониторинг операциядан кейінгі асқынулардың дамуы қауіпін азайтуға мүмкіндік береді. 


тiзiмге қайтару