24 қарашада «Ұлттық нейрохирургия орталығы»АҚ –да жоспарлы Донор күні өткізілді
дүйсенбі, 24 Ноябрь 2014
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген донорлардан ерікті өтеусіз алынған қанды даярлау жоспарына сәйкес «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да «Донор күні» өткізілді. Алдын ала медициналық тексерілу нәтижелері бойынша 50-ден аса адам қан тапсыруға жіберілді. Акция қорытындысы бойынша барлығы 20 литрден аса қан жиналды. Нейрохирургия орталығы ашылғалы бері өткізілген ерікті қан тапсыру акцияларына Орталық қызметкерлерінің үнемі қатысатындығын айта кету керек. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басшылығы және кәсіподақ комитеті «Донор күні» өтеусіз ерікті түрде қан тапсырған барлық қатысушыларға алғыс айтады және ризашылығын білдіреді! Донорлықты дамыту- бұл біздің ортақ азаматтық парызымыз.







