«Отбасыдан қымбат не бар?»
сейсенбі, 23 Сентябрь 2014
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы отбасылық тәрбие институтымен бірге «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да «Отбасыдан қымбат не бар?» тақырыбында әлеуметтік маңызды семинар – тренинг өткізді. Семинар-тренингті өткізудегі басты мақсат медициналық мекеме қызметкерлерін психологиялық ағарту, білімдерін тереңдету. «ҰМХ»АҚ жанындағы «Нұр Отан» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Утебаева: - «Біздің міндетіміз балаларды ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет, ата-бабамызды қастерлеу, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға ықпал ету»-деді. Тренингті психолог-кеңесші Сауле Ахметжанова жүргізді. Ол өз сөзінде этномәдени салт-дәстүрлеріміздің туындауы және оның отбасы өміріндегі алар орны, салт-дәстүрлердің сақталуы, отбасы мен қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге себепші болу туралы егжей-теглейжі айтып берді. Бұдан өзге, семинар-тренингке холдинг клиникаларында жұмыс істейтін және ұзақ жылдар бірге отбасы болып тұрып жатқан дәрігерлер әулетінен отбасылық жұптар қонаққа шақырылды.







