Ұлттық нейрохирургия орталығының командасы денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы салалық спартакиаданың жеңімпазы атанды

сәрсенбі,  8  Июнь  2016

3aec8057abb0.JPG7c3111bc66ed.JPG

398e680a88d8.JPGb63cc8b540a7.JPG

b761a441ec0d.JPGd8509ca83ed8.JPG

Ұлттық нейрохирургия орталығы Астана қаласының денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында өткен Спартакиада - 2016 жеңімпазы атанды. Астанадағы медициналық қызметкерлер спартакиадасы 4 жыл бойы өткізіліп келеді, ақпан айында қысқы ойын түрлерімен басталып, кәсіби мереке қарсаңында маусым айында аяқталады. Биылғы жылы Спартакиадаға қаланың медициналық ұйымдарынан 47 команда қатысты. Нейрохирургия орталығының командасы өз шеберліктерін 11 спорттық жарыстың қорытындысы бойынша 6 спорт түрінен шахмат, волейбол, шаңғы тебу, жеңіл атлетика, гір спорты, арқан тартудан үш –бірінші орын, екі – екінші орын, бір-үшінші орындарды алып көрсетті. Нәтижесінде алынған ұпай санының көптігі бойынша Ұлттық нейрохирургия орталығының командасы жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды. Орталықтың командасына Спартакиада-2016 жеңімпазы Кубогы және 200 мың теңге көлемінде сыйлық сертификаты берілді, сонымен қатар бағалы сыйлықтар тапсырылды.


тiзiмге қайтару