Ұлттық нейрохирургия орталығы базасында фармакология бойынша Бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

сәрсенбі,  27  Апрель  2022

   Бүгін, 27 сәуірде, Ұлттық нейрохирургия орталығы базасында «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесіп «Стационар жағдайларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инновациялық басқару. Қазіргі жағдай мен мүмкіндіктер» Бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

   Іс – шараның мақсаты - дәрілік заттарды инновациялық пайдаланудың проблемалары мен перспективаларын талқылау, сонымен қатар тәжірибе, білім алмасу мен жаңа кәсіби пайдалы таныстықты арттыру.

   Іс-шарада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи пациентке бағдарланған, дербестендірілген моделі болып табылатын, ТМД елдері арасынан алғашқы болып саналатын орталықтандырылған госпитальдық фармацияны енгізу тәжірибесі ұсынылды. Сондықтан да іс-шараның тең ұйымдастырушысы Ұлттық нейрохирургия орталығы болып табылады, оның базасында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқару моделін іске асыру мүмкін болды.

   Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенбайқызы Толепбергенова конференцияда Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі, дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

   Айгүл Дүйсенбайқызының айтуынша, «ҰНО» АҚ-дағы Госпитальдық фармация бөлімінің өте маңызды аспектісі антисептикалық орта жағдайында дәрілік заттарды дайындау болып табылады, оны бөлімшелерде антисептикалық жағдайларда дәрілік препараттарды дайындау үшін қолайлы жабдықтың болмауы сияқты себептер бойынша жасау әрдайым мүмкін емес. Сонымен қатар, медициналық ұйымда клиникалық фармацияның жеке секторының болуының үлкен артықшылығы - мекемеде дәрі-дәрмек циклін басқаруды нақты жүйелеу бар. Сондай-ақ, ГФБ болуы мен тиімді жұмыс істеуінің маңызды қажеттілігі медициналық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіліп, қажет болған жағдайда емдеуді тағайындаған дәрігермен бірге пациент үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін медициналық қателіктер мен дәлсіздіктерге түзетілетіндігімен байланысты екенін атап өткен жөн. Бұл пациенттің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыра отырып, дәрі-дәрмек терапиясын тиімді және қауіпсіз қолданудың маңызды көрсеткіші болып табылады. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі алғашқы клиникалардың бірі болып табылады, онда Госпитальдық фармация бөлімі ашылған, онда дәрілік заттарды орталықтандырылған дайындау және дербестендірілген бөлу жүргізіледі. Арнайы оқытылған персоналдың болуы мен бақылаудың қос деңгейіне қол жеткізе отырып, дозаны есептеу кезінде де, препаратты дайындау кезінде де қателердің туындау мүмкіндігі жоққа шығарылады. Клиника үшін фармакотерапия құнын төмендету Орталық үшін де маңызды артықшылық болып табылады. Яғни, бұл дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану деген сөз.»- деп, бөлісті өз ойымен Айгүл Толепбергенова.

    Конференция онлайн және офлайн форматта өтті, онда Қазақстанның 200 - ден астам маманы-клиникалық фармакологтар, фармацевтер, провизорлар, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар қатысты. Одан басқа шетелдік әріптестер Ұлыбритания, Қытай және Оңтүстік Кореяның медициналық ұйымдарындағы дәрі-дәрмектерді басқару жүйелерімен таныстырды.


тiзiмге қайтару