«ҰНО»АҚ-да «Аймақтарға көмек» жобасы аяқталды

жұма,  6  Март  2015

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ нейрохирургтары Қазақстан аймақтарына көшпелі тегін консультациялар бойынша ауқымды бағдарлама шеңберінде 13 облысқа жұмыс сапарымен барды. Төрт айда тегін медициналық көмек шамамен 400 қазақстандыққа көрсетілді.

Көшпелі циклда қаралған пациенттердің көпшілігінде омыртқаның әртүрлі бөліктеріндегі дегенеративті-дистрофиялық өзгеріс проблемалары, ми қан тамырларының аурулары, орталық нерв жүйесінің патологиялары, балаларда орталық-нерв жүйесі дамуының туа бітті ақаулары  бар екендігі анықталды.   

2014 жылдың 12 тамызы мен 20 желтоқсаны аралығында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Қазақстаннның аймақтарына көшпелі консультациялар беру бойынша ауқымды бағдарламаны бастағанын естеріңізге саламыз.  Нейрохирургия орталығында  6 тәжірибелі дәрігер-нейрохирургтан тұратын жұмыс тобы құрылды, нейрохирургтардың әрқайсысы Қазақстанның белгілі аймағына нақтыланған жоспардағы күндер бойынша жіберілді. Аталған шара тұрғындарға  Орталықтың жетекші мамандарынан тегін медициналық консультация алуға және «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ көрсетілетін жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық көмектің барлық түрлерімен танысуға мүмкіндік береді.


тiзiмге қайтару