Ұлттық нейрохирургия орталығының кішкентай пациенттеріне Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

сәрсенбі,  1  Июнь  2022

   Ұлттық нейрохирургия орталығында «ДАР» қоғамдық қорының қолдауымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды, оған тақырыптық байқаулар, жұмбақтар, ертегі ханзадасы мен ханшайымның ойындары кірді.

  Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің кішкентай пациенттері мерекеге белсенді қатысып, тамаша көңіл-күй мен оң әсер алды. Мерекенің салтанатты рәсімінде «ДАР» ҚҚ өкілдері балаларға естелік сыйлықтар табыстап, олардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

  Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы мерекені ұйымдастырушы «ДАР» ҚҚ-на үлкен алғыс білдіреді. Қор ұжымына зор денсаулық пен отбасына амандық тілейді! Сондай-ақ барлық балаларды мерекемен құттықтайды және мықты денсаулық, шат-шадыман көңіл және бақытты балалық шақ тілейді!


тiзiмге қайтару