Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері есін біліп жатқан әйелдің миына ашық операция жасады
сейсенбі, 28 Июнь 2022
Ақмола облысының тумасын жақында бас айналу, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, шашыраңқылық, кеңістікте адасу және уақытпен санаспау сияқты шағымдар кенеттен мазалай бастады. Тұрғылықты жердегі дәрігерлер әйелді диагностика жасауға жіберді. Мидың МРТ-да пациентте мидың сол жақ гемисферасының көлемді қалыптасуы, ортаңғы құрылымдардың оңға қарай жылжуы, сол жақ қарыншаның қысылуы байқалды. Адамдардағы мидың сол жақ гемисферасы логика және кескіндер мен түстерді тану, сөйлеу мен есте сақтауды ұйымдастыру сияқты функцияларға жауап береді.
Пациенттің күрделі диагнозын, сондай-ақ жоғары мамандандырылған көмек алу қажеттілігін ескере отырып, дәрігерлер әйелді хирургиялық емдеу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберді.
Ұлттық нейрохирургия орталығының Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері бөлімше меңгерушісі, профессор Рыскелдиев Нұржан Әмірбекұлының басшылығымен консилиум өткізіп, пациентті емдеу тактикасын анықтады.
«Ісік Брокка сөйлеу орталығының арасында тығыз орналасқан және 5 сантиметрге дейін тереңдеген. Бұл клиникалық жағдайда пациентке сананы сақтау операциясы қажет болды, басқаша айтқанда awake-операциясы деп аталады. Ісік функционалды маңызды аймақтарда орналасқандықтан, бұл аймақтарға, сондай-ақ тамырларға зақым келтірмеу өте маңызды болды. Негізгі міндет - мидың іргелес құрылымдары жауап беретін барлық функцияларды қалыптастыру және сақтау. Пациент венаішілік және жергілікті анестезия алды, ауырсынуды сезген жоқ. Ісікті алып тастау кезінде дәрігерлердің мультидисциплинарлық тобы науқаспен сөйлесіп, сұрақтар қойып, белгілі бір командаларды орындауды сұрады. Осы манипуляциялардың барлығы пациенттің өмір сүру сапасын едәуір анықтайды және неврологиялық тапшылықты болдырмайды"- деп қорытындылады нейрохирург дәрігер Айдос Молдабеков.
Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері нейронавигация жүйесін және флуоресценцияны қолдана отырып, сол жақтағы ісікті микрохирургиялық алып тастау операциясын жүргізді.
Нейронавигациялық жүйе ісіктің шекарасын және трепанация нүктесін анықтауға мүмкіндік берді, ал функционалды маңызды аймақтардағы бұзушылықтардың алдын алу үшін логопедтің пациентпен тікелей байланысы арқылы нейрофизиологиялық бақылау және сөйлеу мотор орталықтарын тікелей бақылау қолданылды.
Операция сәтті өтті, бұл операция пациентке тегін, яғни МӘМС шеңберіндегі квота бойынша жүргізілді. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шығаруға дайындалуда. Айта кету керек, операциядан кейін пациенттің денсаулығында оң динамика бар. Операцияның сәтті өтуі оның сөйлеуіне жақсы әсер етті, әріптер мен сандарды шатастырмайды, мәтіндерді теріп, өз бетінше жазады, операцияға дейін пациент бұлардың бәрін қиындықпен орындайтын.
Операцияны «ҰНО» АҚ жоғары мамандандырылған дәрігерлерінің мультидисциплинарлық командасы жүргізді, атап айтқанда: жоғары санатты дәрігер-нейрохирург Айдос Молдабеков, дәрігер-анестезиолог Раушан Токшекенова, логопед Айгүл Садырбекова, сондай-ақ нейрофизиолог Сәуле Утеуова.







