Нұр-Сұлтанда «Инсульт мектебі 2022» ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр

бейсенбі,  4  Август  2022

    2022 жылғы тамыздың 4-5 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы инсульт қызметі мамандарының халықаралық қатысуымен «Инсульт мектебі 2022» ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.
   Іс-шараға еліміздің бас неврологтары, нейрохирургтары, реаниматологтары, реабилитологтары, сондай-ақ алыс шетелден шақырылған мамандар инсульттің диагностикасы, емі және оңалтуға қатысты мәселелерді, инсульттің жай-күйі туралы маңызды мәселелерді талқылайды және Қазақстан Республикасындағы қызметтер инсультті емдеудің инновациялық әдістерінің соңғы әзірлемелерімен бөліседі.
    Аталған іс-шара аясында өткізу жоспарлануда:
   1.    Үздік инсульт орталықтарының байқауы: 2020-2021 жж. қорытындысы бойынша ҚР үздік инсульт орталықтары жарияланады. Елімізде инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін 74 инсульт орталығы бар. Оның ішінде 3 инсульт орталығына сертификаттары бар марапат мүсіншелері табыс етіледі.
    2.    Сертификаттар беру: конференцияның барлық қатысушыларына сағат (16 сағат) бар сертификаттар беріледі, оларды біліктілікті арттыру кезінде пайдалануға болады.
   3. «Қазақстан нейрохирургиясы және неврологиясы» журналының арнайы шығарылымы: журналдың арнайы шығарылымы тек инсульт тақырыбына арналған және 12 мақаладан тұрады, оның ішінде 2 түпнұсқа мақала. Журналдың арнайы шығарылымы «Инсульт мектебі» конференциясы аясында жылына бір рет қана шығарылады.   
   Іс-шараны ҚР ДСМ «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы ұйымдастыруда.
Конференцияның практикалық жұмысына проф. Туруспекова Сауле Тлеубергеновна-ҚР ДСМ штаттан тыс бас ересектер неврологы, проф. Жумадилов Агзам Шаймарданович-ҚР ДСМ штаттан тыс анестезиолог - реаниматологы, «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ Басқарма Төрағасы, Сугралиев Ахметжан Бегалиұлы - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пропедевтика курсымен ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, Еуропалық кардиология қоғамының тромбоз бойынша жұмыс тобының мүшесі, проф. Даутов Тайырхан Бекполатұлы–ҚР ДСМ радиациялық диагностика және интервенциялық радиология бойынша штаттан тыс бас маманы сияқты жетекші маман - неврологтар, нейрохирургтар, реаниматологтар, реабилитологтар, сондай-ақ алыс шетелден шақырылған спикерлер: Франческа Роман Пеззелла Италия инсульт қауымдастығы, Лацио аймақтық үйлестірушісі және бас хатшысы, Рим қ., Италия, Кадрие Киликесмес «Prof.Dr Cemil Tascioglu City Hospital»Кардиология және интервенциялық кардиология департаментінің меңгерушісі, Стамбул қ., Түркия, Александрас Вильонскис Вильнюс университеті Республикалық ауруханасының инсульт орталығының меңгерушісі, Вильнюс университетінің Клиникалық медицина институты, Вильнюс қ., Литва, Людмила Анацкая Республикалық ғылыми-клиникалық неврология және нейрохирургия орталығының неврологиялық бөлімшесінің жетекші ғылыми қызметкері, Минск қ., Беларусь, Валерия Касо Перуджа қаласының «Санта Мария делла Мисерикордия» университеттік ауруханасының маманы тәжірибелерімен бөліседі.


тiзiмге қайтару