ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав Юрьевич «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да болды

сейсенбі,  9  Август  2022

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков Орталықтың 14 жылдағы қызметінің нәтижелері туралы баяндама жасады. Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде 37 мыңнан астам операция жасалды, 59 мыңнан астам пациент емделді, 70-тен астам жаңа нейрохирургиялық технологиялар енгізілді. Орталық төрт рет Халықаралық біріккен комиссиямен (JCI) аккредиттелген, бұл медициналық қызметтер сапасының жоғары деңгейін дәлелдейді. Орталық ең заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. 2021 жылы Орталықта радиохирургиялық емдеудің «Алтын стандарты» болып табылатын Гамма-пышақ стереотаксиялық радиохирургиялық қондырғысының жұмысы іске қосылды.

Орталықпен танысу барысында Вице-министр Радиология және радиохирургия бөлімшесінде, Гамма-пышақ блогында, Госпитальдық фармация бөлімінде, Нейрохирургия және невропатология кафедрасында, кітапханада болды. Орталыққа экскурсия кезінде Вячеслав Юрьевич клиника ұжымымен әңгімелесті, сондай-ақ қонаққа отандық медициналық практикадан күрделі клиникалық жағдайлар көрсетілді.

Вячеслав Дудник ісік зақымдары, мидың қан тамырлы аурулары кезінде, сондай-ақ қосымша хирургиялық қауіптерсіз мидың өмірлік маңызды құрылымдарында орналасқан мидың көптеген метастаздары кезінде қолданылатын жоғары технологиялық «Гамма-пышақ» жабдықтарының жұмыс принципімен танысты.

Вячеслав Юрьевич сонымен қатар, Клиниканың   ноу хау орталығы, дәрі-дәрмектерді инновациялық басқарудағы серпінді жоба - Фармация бөлімінде болды. Ұлттық нейрохирургия орталығы Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі Госпитальдық фармация бөлімі ашылған алғашқы клиникалардың бірі. Вице-министр жұмыстың күрделілігі мен осы бағыттағы туындаған  проблемалар туралы сұрады.

Жалпы талқылау барысында нейрохирургиялық қызметті ұйымдастыру, білім беру және ғылыми қызмет бойынша өзекті мәселелер айтылды. Сапар қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник ҚР ДСМ-де ұсыныстарды одан әрі талқылаумен және ұсынумен проблемаларды тереңірек талдау және зерделеу қажеттігі туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Вице-министр Орталықтың жұмыс деңгейін жоғары бағалап, ұжымның жасап жатқан еңбектеріне толағай  табыстар тіледі.


тiзiмге қайтару