Ұлттық нейрохирургия орталығындағы онлайн-консультациялар
жұма, 2 Сентябрь 2022
Құрметті пациенттер!
Маңызды хабарлама! Сіздің электрондық пошта арқылы ақылы онлайн консультация алуға мүмкіндігіңіз бар. Онлайн консультация тек амбулаториялық емделушілерге жүргізіледі.
Не істеу керек:
Қолда бар құжаттар топтамасын onlineneuro@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу, хаттың мәтінінде науқастың аты-жөні, ЖСН, электрондық мекен-жайы және байланыс телефоны көрсетілуі керек (менеджердің пациентпен кері байланысы үшін міндетті түрде).
Консультация өткізу үшін қажетті құжаттар:
• МРТ, КТ суреттері мен сипаттамалары;
• Басқа мамандардың қорытындылары мен ауру тарихынан үзінділер;
• Не мазалайтынын, қанша уақыт ауырғаныңызды, қандай жанама аурулар бар екенін, қазіргі кездегі денсаулық жағдайыңызды және т. б. егжей-тегжейлі жазыңыз.
Онлайн консультация беру мерзімі:
• Қорытынды пациенттің электрондық поштасына сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін 3-4 жұмыс күні ішінде жіберіледі;
• Консультация үшін төлем шоты қорытынды жіберілгенге дейін «Kaspi Bank» АҚ қосымшасы арқылы ұсынылады. Менеджер төлемді нақтылау үшін хабарласады.
• Егер пациент орнына басқа адам ақы төлейтін болса, онда келесі деректерді жіберуді сұраймыз: ЖСН, ТАӘ, «Kaspi Bank» АҚ қосымшасына байланысты ұялы телефон нөмір
• Құжаттардың демалыс және мереке күндері алынатынына қарамастан, электрондық пошта арқылы медициналық қорытынды беру жұмыс күндері ғана жүзеге асырылады.
Қандай мамандардан онлайн консультация алуға болады:
• нейрохирург
• невролог
• нейрореабилитолог (ересектер)
ҚР азаматтары мен қандастарға, шетелдіктерге және ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға арналған онлайн консультациялардың құны:
• медицина ғылымдарының докторының онлайн-консультациясы-15 000 тг.
• медицина ғылымдарының кандидатының, PhD онлайн-консультациясы - 12 000 тг.
• дәрігердің онлайн-консультациясы -7 000 тг.
• дәрігердің, МҒД, МҒК, PHD қайталама онлайн-консультациясы - 4 000 тг.
ҚР аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін құны:
• медицина ғылымдарының докторының онлайн-консультациясы-16 500 тг.
• медицина ғылымдарының кандидатының онлайн-консультациясы, PhD - 13 200 тг.
• дәрігердің онлайн-консультациясы -7 700 тг.
• дәрігердің, МҒД, МҒК, PHD қайталама онлайн-консультациясы – 4 400 тг.
МРТ/КТ суреттерін жіберу ережелері туралы ақпарат:
Деректердің құпиялылығына және басқа медициналық ұйымдардың электрондық базаларына қолжетімділіктің болмауына байланысты Сіз жіберген КТ/МРТ суреттерін, өзге де медициналық құжаттарды жүктеу үшін сілтемелерді, зерттеу нәтижелерін Орталық қарамайды.
Дискіге КТ немесе МРТ суреттерін жіберген жағдайда - Сізге:
• Барлық файлдарды дискіден компьютерге көшіру.
• Барлық диск файлдарын RAR немесе ZIP форматында мұрағаттау.
• Файлды немесе файлды жүктеу сілтемесін хатқа тіркеп, жоғарыдағы электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.
Онлайн консультация алу үшін бізбен қалай байланысуға болады:
• + 7 (7172) 62-11-00 Сall-орталығы
• +7 (7172) 62-11-00 вн.1142 - Тұрдалы Қаламқас – «ҰНО» АҚ Госпитальдық менеджмент бөлімінің менеджері.







