«ҰНО» АҚ ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды
дүйсенбі, 5 Сентябрь 2022
Бүгін, 05 қыркүйекте Серік Акшулаковтың төрағалығымен өткен «ҰНО» АҚ ұжымының апта сайынғы жиналысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
«ҰНО»АҚ Стратегия және ғылым жөніндегі директоры, «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы Доскалиев Айдос Жақсылықұлы Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» Жолдауының талқылау сұрақтары бойынша сөз сөйледі. Айдос Доскалиев Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, 1 қыркүйекте шыққан жаңа бағдарламалық құжат өмірдің түрлі салаларына әсер еткенін, өзгерістер әлеуметтік тарапқа да, бірқатар заңнамалық шараларға да әсер ететінін атап өтті.
«Жолдаудың Денсаулық сақтау мәселесін көрсететін 3-ші бағытында Мемлекет басшысы: Адамдар-еліміздің басты құндылығы. Қоғамның үйлесімді дамуы Ұлт денсаулығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады. Медицина-инвестициялық тартымды сала, тек дұрыс жағдай жасау керек. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылатын болады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады. Бұдан басқа, телемедицина дамытылады, ол шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмек көрсетуге жол ашады. Бұл медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және ауруларды ерте кезеңдерде диагностикалауға мүмкіндік беретіні сөзсіз» - деп, атап өтті Айдос Доскалиев.
Сонымен қатар, ҰНО ұжымында кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім беру, Экономика және әлеуметтік даму саласында айтылған басқа да негізгі міндеттер талқыланды.
«ҰНО»АҚ ұжымы Жолдауды тыңдап, Жолдауда көрсетілген міндеттерге қолдау білдірді.







