Ұлттық нейрохирургия орталығында қан тапсыру бойынша донорлық акция өтті
дүйсенбі, 12 Сентябрь 2022
«Қан тапсыр, өмір сыйла!» ерікті акциясына Нейрохирургия орталығының дәрігерлері, бөлімше меңгерушілері, орта медициналық және әкімшілік персоналы қатысты.
Акцияны Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының және Ұлттық нейрохирургия орталығының Трансфузиология бөлімшесінің қызметкерлері өткізді.
Барлығы 44 қызметкер донор болды, бұл шамамен 20 литр қан. Акция барысында тапсырылған қан Қан орталығының қан банкін толықтырып қана қоймай, басқа медициналық мекемелердегі пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз.
Акцияға қатысқан жандардың барлығына алғыс айтамыз!







