Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жүкті әйелге ми ісігін алып тастау операциясын жасады

жұма,  16  Сентябрь  2022

           Бір ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өз денсаулығының нашарлай бастағанын байқады, оның жүрісінде тәлтіректеу, көру қабілетінің күрт төмендеуі, қатты бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы және жалпы әлсіздік пайда болды.

             Бір апта бұрын жүкті әйелдің жағдайы күрт нашарлады. Жүкті әйел № КҚА жедел жәрдеммен жеткізілді, мұнда оған ми МРТ жасалды. Тексеру кезінде 32 жастағы жүкті әйелде ми ісігі анықталды.

          Одан кейін науқас Ұлттық нейрохирургия орталығына, Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері емдеу тактикасы мен ана мен бала үшін барлық ықтимал қауіптерді талқылау үшін тез арада консилиум жинады. Ауруханаға жатқызу кезінде әйелдің жүктілік мерзімі 26 аптадан жаңа асқан еді. «Клиникалық декомпенсация, ішкі окклюзиялық гидроцефалия кезеңіндегі ми қысымымен сол жақтағы көпір-мишық бұрышының ісігі» диагнозы.

       «Біз науқасқа шұғыл операция жасадық, Аренд бойынша сол жақтамалық жабық сыртқы түсіру дренажы, содан кейін нейромониторингті қолдана отырып, көпір-мишық бұрышының ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастау. Көлемі 5*5,5 см болатын үлкен ісік миды қысып, нәтижесінде әйелдің көру қабілеті нашарлай бастаған, тәлтіректеп жүру және басқа да бұзылулар пайда болған. Операцияның қиындығы ісік ми бағанасында орналасқан, мұндай жағдайларда мидың өмірлік маңызды бөліктеріне зақым келтірмеу өте маңызды», - деп бөлісті нейрохирург дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.

  Шұғыл операцияда құрамында тәжірибелі анестезиолог, нейрофизиолог, трансфузиолог дәрігерлер болған дәрігерлердің мультидисциплинарлық командасы жұмыс істеді, олар операция бойы бақылау жүргізді. Сондай-ақ операция шарананың жай-күйі мен оның жүрек соғысын функционалдық бағалауды тұрақты жүргізу мақсатында шарананың КТГ бақылауымен жүргізілді. Бұған Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары үлкен көмек көрсетті.

«Маған осындай күрделі ота жасаған дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Олардың бәрі мен үшін алаңдады, менің және баламның өмірін құтқаруда үлкен алаңдаушылық сезімі болды. Мен нейрохирургия орталығы орналасқан елордада тұратындығыма қуанамын, операция өте тез, шұғыл өткізілді. Енді тез қалпыма келемін деп үміттенемін, Құдайға шүкір, көру қабілетім қалпына келе бастады. Мен аздап жүре бастадым. Операция жасаған және менің өмірім мен баламды құтқаруға қатысқандардың барлығына үлкен алғысымды білдіремін!» - деп, бөлісті науқас.

Операция шамамен 5 сағатқа созылды және сәтті шықты. Бұл операция пациентке тегін, яғни МӘМС шеңберіндегі квота бойынша жүргізілді. Күрделі операцияны Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев, нейрохирург дәрігер Мұратбек Тілеубергенов, анестезиолог дәрігер Оразғали Құрманбаев, нейрофизиолог дәрігер Сәуле Өтеуова және АБҰҒО Акушерство бөлімшесінің меңгерушісі Берік Прімбетов жасады.

Операциядан кейін науқастың жағдайы қанағаттанарлық, өзін жақсы сезінеді, палатаға ауыстырылды.

Дәрігерлер атап өткендей, қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ, әйел жүктілігін жалғастыруда.

                                          



тiзiмге қайтару