Халықаралық қарттар күніне орай Нейрохирургия орталығының ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылды

жұма,  30  Сентябрь  2022

    Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Халықаралық қарттар күніне орай Ұлттық нейрохирургия орталығының ардагерлеріне арнап Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік түскі ас өткізілді.

    «ҰНО» АҚ Кәсіподақ комитетінің төрағасы, Физиотерапия және су балшықпен емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Такенов Жанат Төлеубайұлы өзінің ақжарма ізгі тілектерімен сөз арнады: «Құрметті әріптестер, ардагерлер, Қарттар күні даналықты, әр ұрпақтар сабақтастығын, бірлігін білдіреді. Біздің Орталықтың қалыптасуы мен нығаюына, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Бүгін, бізде осы керемет мереке аясында  барлығыңызды жинап, бұл туралы айтуға тамаша мүмкіндік бар. Баршаңызға мықты денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!».

     Үлкен дастарханға 50-ден астам ардагер жиналып, естеліктерімен және ізгі  ниеттерімен бөлісті. Ардагерлер атынан «ҰНО» АҚ физиотерапевт дәрігері Қадыржанова Фаризат Айдарханқызы, нейрохирург дәрігер Ислямов Амангелді Төлеуұлы және тағы басқалар сөз сөйлеп, бұрынғы әріптестерімен өткізілетін мұндай жаныңа жылулық сыйлайтын  кездесулердің орны бөлек екендігі атап өтілді. Олар ұйымдастырушыларға керемет көңіл-күй, жылы жүзді кездесу, жағымды эмоциялар мен қарым-қатынастары үшін өз алғыстарын  білдірді.


тiзiмге қайтару