Ұлттық нейрохирургия орталығына Арнольд Палмер балалар ауруханасының (Орландо, АҚШ) Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, доктор Samer Elbabaa келді.
сейсенбі, 25 Октябрь 2022
2022 жылғы 25 қазанда Ұлттық нейрохирургия орталығына Арнольд Палмер балалар ауруханасының (Орландо, АҚШ) Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, доктор Samer Elbabaa келді.
Сапар барысында доктор Samer Elbabaa Spina Bifida ауруы кезіндегі жатырішілік хирургия туралы таныстырылым жасады.
Кездесуге Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургтары мен резиденттері, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушер-гинекологтары шақырылды.
Сондай-ақ, американдық әріптеске Нейрохирургия орталығымен таныстыру шолуы жүргізіліп, Балалар нейрохирургиясы, Радиохирургия, АРҚТ және Операциялық блок бөлімшелерінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Сапар қорытындысы бойынша Тараптар ынтымақтастыққа өз қызығушылықтарын танытып, одан әрі өзара әріптестік қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін талқылады.







