Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргерлері «Қазіргі заманда медициналық бұйымдарды деконтоминациялау» тақырыбында конференция ұйымдастырды

бейсенбі,  10  Ноябрь  2022

2022 жылғы 10 қарашада «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі «Қазіргі заманда медициналық бұйымдарды деконтоминациялау» тақырыбында мейіргер ісі мамандарының конференциясын ұйымдастырды.  Іс-шараға кіші және орта медициналық қызметкерлер, сондай-ақ басқа клиникалардағы әріптестер қатысты.

         Конференцияны Ұлттық нейрохирургия орталығының Мейіргер ісі жөніндегі директоры Жумабаева Алтын Зурашқызы құттықтау сөзімен ашты.  Конференция барысында Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің аға мейіргері Айман Серикпаева «Дезинфекция» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ осы бөлімшенің мейіргерлері Хамидулина Гүлназ және Узбекова Нұрбибі нейрохирургиялық құралдарды зарарсыздандыру және жұмыс барысында химиялық индикаторларды валидациялау және бақылау қалай жүріп жатқанын айтып, тәжірибелерімен бөлісті.


тiзiмге қайтару