Ұлттық нейрохирургия орталығында жыл қорытындысы шығарылып, 2022 жылдың үздік жұмыскерлерін марапаттау салтанаты өтті

бейсенбі,  29  Декабрь  2022

Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында жыл қорытындысы шығарылып, 2022 жылдың үздік жұмыскерлерін марапаттау салтанаты  өтті.

Орталық қызметінің қорытындысы бойынша «2022 жылдың үздік бөлімшесі» атағы Ми патологияларының нейрохирургия бөлімшесіне берілді.

Ал келесі жұмыскерлер өз мамандығы бойынша үздік деп танылды:

1) «2022 жылдың үздік дәрігері» – Абай Исканов – Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;

2) «2022 жылдың үздік мейіргері» – Жанагүл Қырғызбаева – Нейрооңалту бөлімшесінің пост мейіргері;

3) «2022 жылдың үздік кіші персоналы» - Анар Бошикова – Радиология және радиохирургия бөлімшесінің шаруа бикесі;

4) «2022 жылдың үздік маманы» - Айгүл Досумова – Госпитальдық менеджмент бөлімінің маманы.

Қоғамның Басқарма Төрағасының атынан келесі жұмыскерлер Құрмет грамотасымен марапатталды:

1) Жанерке Сағатбекова – Нейрооңалту  бөлімшесінің невролог дәрігері;

2) Гүлнар Асанова - Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің Функционалдық диагностика кабинетінің мейіргері;

3) Гаухар Далибаева - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері;

4) Алмагүл Мутай -Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің науқастарға күтім жасау жөніндегі кіші персоналы;

5) Ерболат Әмірхан - Шаруашылық сервистік қызметтің технологиялық жабдықтар слесары;

Сондай-ақ, Қоғам Басқарма Төрағасының атынан келесі жұмыскерлерге Алғыс жарияланды:

1) Айсұлу Төлентаева -Трансфузиология бөлімшесінің трансфузиолог дәрігері;

2) Нұрбуба Өзбекова - Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері;

3) Замзагүл Зайнышева - Физиотерапия және су балшықпен емдеу  бөлімшесінің су балшықпен емдеу мейіргері;

4) Гүлзана Үсенова - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің науқастарға күтім жасау жөніндегі кіші персоналы;

5) Айжан Жұмағалеева - Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің архивариусы.

Бүгінгі барлық марапатталушы жұмыскерлерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және өмірде жаңа жеңістер, жұмыста табыс, отбасылық бақыт пен мықты денсаулық тілейміз.



тiзiмге қайтару