Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жұлынның миға қарай өскен үлкен ісігін алып тастады

жұма,  10  Февраль  2023

Павлодардан келген пациентті 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап мойын аймағындағы ауырсыну мен сол жақ жауырын аймағына, сол жақ қолына берілетін ауырлық және сол қолының ұюы мазалай бастады. Тұрғылықты жері бойынша әйел ем қабылдады, алайда денсаулық жағдайы жақсармады.

Көп ұзамай науқас мойын омыртқасының МРТ зерттеуінен өтті, онда дәрігерлер мойын-желке өткелінің деңгейінде үлкен (3,5 см*3,0*3,5 см) ісік бар екенін анықтады. Ісік жұлынның ішінде орналасқан, миға бас сүйегінің түбіне дейін созылған. Ісік ми бағанасы мен жұлынды қысып тастаған.
Ісіктің орналасуы өте қиын жерде болды және нейрохирургтардың зергерлік жұмысын, заманауи жабдықтар мен техниканы қажет етті. Мұндай күрделі операцияны жүргізу тек Ұлттық нейрохирургия орталығында мүмкін болды.
«Мойын – желке түйісу аймағы және бассүйегінің негізі ісіктердегі өте қауіпті орналасу аймағына жатады. Операция кезіндегі негізгі қиындықтар патологиялық процеске ми бағанасы, мишық, көпір-мишық бұрыштық нервтер, каудальды және жоғарғы жұлын нервтері, омыртқалы және базилярлы артериялар, сүйек құрылымдары және краниовертебральды артикуляция аймағының артикулярлық аппараты сияқты маңызды анатомиялық құрылымдардың қатысуымен байланысты болды. Осы өмірлік маңызды аймақтар зақымданған жағдайда пациент сал ауруына шалдығуы немесе тіпті өлім құшуы мүмкін

Бұл жағдайда ағзаның өмірлік маңызды құрылымдарының қызметін сақтай отырып, ісікті толығымен алып тастауға мүмкіндік беретін пациент үшін қауіпсіз болатын кіші инвазиялық қол жетімділік әдісі таңдалды. Мұндай күрделі операциялармен біз жиі кездесеміз» - деп, түсіндірді «ҰНО» АҚ Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талғат Керимбаев.

Операция сәтті өтті, дәрігерлер мұқият жоспарлаған анатомиялық қол жетімділік ісікті жұлыннан толығымен бөлуге мүмкіндік берді. Бұл операция пациентке МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді. Хирургиялық араласу операцияішілік нейромониторинг және қан реинфузиясы аппаратының бақылауымен жүргізілді.

Ауруханаға емделуге жатқызу кезінде пациенттің тамақты жегенде қақалуы, жұтынудың қиындауы, сол жақтағы жауырын аймақтың проекциясында ауырсыну байқалды, сонымен қатар сол қолындағы бұлшықет күші төмендеді.

Операциядан кейін науқаста қолдың әлсіздігінің регрессиясы, бас пен мойынның ауырсынуының болмауы, жалпы жағдайдың жақсаруы байқалады. 2-ші күні науқас орнынан тұрып, өздігінен қозғала бастады. Қазіргі уақытта әйел ауруханадан үйге шығарылуға дайындалуда.

«Операциядан кейін мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін, ауырсынулар басылды, заттарды сол қолымда ұстап тұра аламын. Мысалы, операцияға дейін мен сол қолымда бір стақан су ұстай алмадым, бәрі құлап кететін. Мен бойымда үлкен жеңілдік барын сезінемін. Осы Орталықтың дәрігерлеріне, менің сауығуыма үлес қосқан барлық қызметкерлерге шын жүректен алғысымды айтамын.»- деп, науқас өз ризашылығын білдірді.


тiзiмге қайтару