Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында қан тапсыру бойынша донорлық акция өтті

дүйсенбі,  13  Февраль  2023

Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында қан тапсыру бойынша донорлық акция өтті.

Іс-шараны Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының және Ұлттық нейрохирургия орталығының Трансфузиология бөлімшесінің жұмыскерлері ұйымдастырды.

Акцияға Нейрохирургия орталығының дәрігерлері, бөлімше меңгерушілері, орта медициналық және әкімшілік қызметкерлері қатысты, бұл жалпы  54 адам.

Біздің донорларымыздың бұл шараға бей-жай қарамай, жауапкершілік жүгін бір кісідей жұмыла көтеруі  арқасында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қан банкі бүгін тағы 14 литр қанмен толықтырылды.

Акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз!



тiзiмге қайтару