Ұлттық нейрохирургия орталығында бассүйек- ми және омыртқа-жұлын жарақаты бар науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша оқыту семинары өтеді

сәрсенбі,  22  Февраль  2023

Ұлттық нейрохирургия орталығы базасында «Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетудің өзекті мәселелері» және «Омыртқа-жұлын жарақаты бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыптарында білім беру шаралары - семинарлар өткізіледі.

Семинарларды өткізу мерзімдері:

- 2023 жылғы 27 ақпаннан 01 наурызға дейін;

- 2023 жылғы 27 наурыздан 29 наурызға дейін.

       

Әр тақырып жалпы көлемде 18 сағатты құрайды. Оқыту онлайн форматта өткізіледі, белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі. Бір семинардың бағасы 36 000 теңгені құрайды.

Семинар: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейіндегі (аудандық, қалалық, облыстық ауруханалар), нейрохирург, травматолог, невролог дәрігерлер, бөлімше меңгерушілері, хирургтар амбулаториялық-емхана мамандарына арналған.

Аталған оқытуды өткізу ОЖЖ жарақаты кезінде медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететін болады, Орталықтың тыңдаушылары арқылы ең шалғай аудандарды қоса алғанда, Қазақстан өңірлерін үздіксіз консультациялық және әдіснамалық көмекпен қамтамасыз етеді.

Оқытуды ұйымдастыру үшін Орталықтың мекен-жайына өтініш жолдау (заңды тұлғалар үшін) немесе телефон арқылы өтінім беру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Білім беру бөліміне мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 62-10-89, 62-11-47; ұялы 8 777 441 84 45, e-mail: jazira.kabakova@ncn.kz Кабакова Жазира.



тiзiмге қайтару