Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті
дүйсенбі, 20 Март 2023
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті. Мереке Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған үлкен дастархан басында өтті.
Салтанатты іс - шараны аша отырып, «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, барша ұжым мүшелеріне денсаулық пен жақсылық тіледі, Наурыз мерекесі - Жаңа Жылды, жаңа ұмтылыстарды, жайма-шуақ көңілді, достық, отбасылық бақытты бейнелейтінін атап өтті.
Іс-шараның барлық қатысушылары дәстүрлі Наурыз көжеден, ұлттық тағамдардан дәм татты, ал мерекелік көңіл-күйге қызметкерлер киген әсем ұлттық киімдер мен ұлттық нақыштағы костюмдер ерекше сән берді. Сонымен қатар, бұл күні Нейрохирургия орталығында жақсы көңіл-күй, ыстық ықылас пен жақсы тілектер айтылды.
Ұлттық нейрохирургия орталығы барша қазақстандықтарды осы көктемгі мерекемен шын жүректен құттықтайды және Наурыз мейрамы әр отбасына қуаныш, амандық пен жақсылық әкелуін тілейді.







