Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ауыз қуысы арқылы омыртқаға операция жасады
дүйсенбі, 29 Август 2016
Ұлттық нейрохирругия орталығының Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирургтары бірегей технологияның көмегімен операция жасады. Бөлімше дәрігерлері мойын-желке тұсының патологиясы кезінде ауыз қуысы арқылы операцияны орындады.
41 жастағы әйел адам сирек кездесетін мойын-желке тұсының патологиясымен ауырды. Осындай ауру кезінде бассүйек пен омыртқаның қосылатын нүктесінде өзгертулер болып тұрады, бұл омыртқаның тірек және қозғалыс функцияларын зақымдануы ғана емес, сонымен қатар жұлын мен ми діңгегінің құрылымына да әсер етеді.
Пациенттің тыныс алу және жұту функцияларының бұзылушылығы болған, қол-аяқтарында әлсіздік байқалды. Әйел адам Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне көмек сұрап жүгінді. Орталықтың мамандарының айтуынша мойын-желке аймағы ең жолы қиын және проблемалық зона болып табылады, өйткені бұл жерде өмірлік маңызды функцияларға жауапты барлық ағзаның сезімталдығы мен қозғалысына, жұлын мен мидың ең негізгі және қантамырлары орналасқан.
Сондықтан бұл сегментте жұмыс істеу өте күрделі және асқан шеберлікті қажет етеді. Жаншылған жағдайдағы нерв құрылымын жан-жақтан, алдыңғы және артқы жақтан тек босату ғана емес, сонымен қатар бассүйекті омыртқаның мойын бөлігіне бекітіледі, өйткені жаншылған өсінділер бастың тіреуші элементі болып табылады.
Жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Талғат Керімбаевтың айтуынша пациентке екі кезеңде операция жасалды: бірінші кезеңде арнайы фиксациялық конструкцияның көмегімен бассүйек және омыртқаның мойын бөлігі бекітілді. Одан кейін пациентке операциялық араласудың ең күрделі түрі ми діңгегінің өмірлік маңызы бар құрылымын босату арқылы тіс өсіндісін трансоралды резекциялау орындалды. Осы аталған нұсқада проблемалық зонаға арнайы ауызкергішті қолданумен ауыз арқылы жетеді. Арнайы құрылғымен адам тұншығып қалмасын деп тіл бекітіледі, одан кейін микрохирургиялық аспаптарды қолданылуымен кезең –кезеңімен тіс өсіндісі өте ұқыпты түрде алынып тасталынады. Тіс өсіндісі алынып тасталынғаннан кейін мойын-желке тұсының нервтерінің алдыңғы декомперссиясы жүзеге асырылады, операциялық жара тігіледі.
Операция сәтті өтті. Пациенттің жағдайы тұрақты, операция жасалғаннан кейін екінші күні ол өздігінен жүре бастады.
Дәрігерлер атап айтқандай, осындай араласу түрлері арнайы жабдықтарды және нейрохирургтардың жоғары біліктілігін талап етеді, сондықтан астаналық нейрохирургия орталығында ғана өткізіледі. Мойын-желке тұсының патологиясы бар пациенттерді емдеудің аталған технологиясы тек шетелдік бірнеше клиникаларда ғана қолданылатындығын атап өту керек. Жыл сайын Ұлттық нейрохирургия орталығынының Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінде осы іспеттес операцияның 3-5 сәтті өткізіледі.







