Паркинсон ауруын емдеу бойынша тағы бір операция жасалды

сейсенбі,  11  Апрель  2023

    Жыл сайын 11 сәуірде ДДҰ бастамасымен Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн жұртшылықтың ауру туралы хабардарлығын арттыруға, науқастар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге, сондай-ақ ауруды жеңуге өз үлесін қосуға арналған.
     Ұлттық нейрохирургия орталығында жақында 2011 жылдан бері Паркинсон ауруымен ауыратын науқасқа операция жасалды.
Әйелдің айтуынша, соңғы кездері ауру үдей бастаған, препараттардың әсері тиімсіз болды. Аяқ-қолдың дірілі күшейіп, аяқ-қолдың қимыл-қозғалысы баяулауы және шектелуі, сөйлеу мен жүрістің өзгеруі, тұрақсыздық пен құлау күшейе түсті.
   «Мен қасымда сүйемелдеп жүретін адамдардың көмегінсіз сыртқа шыға алмадым. Себебі жүру кезінде тырысып қалу пайда болады немесе мен жолдың ортасында тоқтап, одан әрі қадам жасай алмаймын. Бірде мен өзіме такси шақырдым, көлік келді, ал мен үйден шыға алмай қалдым, аяқтарым қозғалмады, жүрмеді. Такси жүргізушісі менің мұндай күйден шыққанымша 20 минут күтуге мәжбүр болды. Мен бұл құрылғыны түпкілікті қосқаннан кейін нәтиже күтемін» - деді, науқас Наталья Мелихова.
   Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің неврологі Сейтжан Айдаровтың айтуынша, пациентке субталамикалық ядроларға терең электродтарды стереотактикалық екі жақты имплантаттау операциясы жасалған. Басқаша айтқанда, науқастың басына кішкентай электродтар енгізілді, бұл аурудан зардап шеккен ми жасушаларының жұмысын терең қозғайды. Импульстар мидың зақымдалған бөліктеріне тікелей еніп, олардың белсенділігін арттырады, бұл Паркинсон ауруының белгілерін жеңілдетуге және оның ағымын бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
   «Мұндай операцияны жүргізу үшін нақты көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер бар. Бұл электродтардың имплантациясына да қатысты. Науқасқа хирургиялық араласу көрсетілген деп есептесек, біздің көпсалалы топ пациенттің жағдайына әртүрлі зерттеулер жүргізеді, пациентті әртүрлі шкалалар бойынша тексереді. Мұндай зерттеулерде бұл емдеу әдісі пациентке қажеттілігі-қажетсіздігі анықталады» - деп түсіндірді, операция жасаған нейрохирург Нұртай Нұрақай.
     Операция МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді.



тiзiмге қайтару