Орталықтың мейіргерлер ұжымын «Amanat» партиясы құттықтады
жұма, 12 Май 2023
Халықаралық мейіргерлер күніне орай Орталықтың мейіргерлер ұжымын «Amanat» партиясы құттықтады.
«Amanat» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов және «Amanat» партиясы Өркениет аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Мария Өтебаева Орталық мейіргерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, партиялық наградаларын табыс етті.
Орталықтың клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің мейіргерлері марапаттарға ие болды.
Орталық қонақтары өз сөздері барысында жылы лебіздерін, ыстық ықыластарын білдірді. Ерен еңбектері үшін алғыс айтып, мейіргер кәсібінің маңыздылығын атап өтті. Сүйікті ісіне жан-тәнімен берілгендіктен және кәсібилігі арқасында мейіргер науқастың аурудан емделіп кетуіне үміт отын жағады және науқасқа өмірдің ең маңызды сәттерінде көмек көрсетеді.
Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, әрқайсыңызға бақыт, жақсылық, махаббат, денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз, жарқын жүздеріңізден мейірім шуағы шашылып, еңбектеріңіз жана берсін!







