Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқасында ісігі бар науқасқа күрделі операция жасады

дүйсенбі,  15  Май  2023

   Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқасында ісігі бар науқасқа күрделі операция жасады, атап айтқанда денеге түсетін бар салмақты ұстап тұратын және түскен жүктемені бөлетін, ішкі ағзаларды қорғайтын  сегізкөз сүйегі.

   Елорда тұрғыны Гаухар Ахметованың өткен күзде белі мен аяғындағы ауырсынулар басталды. Невропатолог тағайындаған препараттар еш көмегі болмады. Қатерлі ісікті МРТ-да рентгенологтар анықтады. Дәрігерлер - хирургиялық араласу қажет, мұнда сәулелік терапия мүмкін емес деген қорытындыға келді.

    Әлемдік онкологиялық тәжірибеде мұндай ісік көбінесе науқастың өмірін сақтай отырып, сүйекпен және ол арқылы өтетін нервтермен бірге жойылады, ал өмір сүру сапасы толыққанды болмайды. Аталған науқас  жағдайында біздің дәрігерлер өмірлік маңызды функцияларға байланысты жүйкенің сезімталдығын сақтап қалды. Айта кету керек, бұдан бұрынғы уақытта ісікті алып тастағаннан кейін мұндай науқастарға мүгедектік тағайындалатын. Енді операциядан кейін, осындай күрделі операция жасалған науқас толыққанды өмір сүре алады.

   Бұрын хабарланғандай, стандартты әдіс бойынша сегізкөз жүйкелермен бірге толығымен жойылады. Өз кезегінде, бұл жағдай пациент үшін  жақсы салдарға әкелмейді, атап айтқанда перинэяның ұюы, зәр шығару проблемалары, иммобилизация және т.б. Бұл операцияның бірегейлігі сегізкөзді толығымен, бірнеше бөлікпен алып тастаумен қатар, барлық өтетін жүйкелерді сақтау болып табылады. Жақын арада дәрігерлер сегізкөз сүйегін титан 3D модельдерін импланттармен алмастыруды жоспарлап отыр. Мұндай имплантанттар жүйкелерді сыртқы әсерлерден қорғайды. 3D имплантаты сонымен қатар белгілі бір тұрақтандырушы функцияны орындайды – жамбас сақинасын байланыстырады. Жалпы, Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургтары жылына 4 мыңнан астам операция жасайды, оның ішінде омыртқаға жасалатын ең күрделі операциялар да бар.


https://youtu.be/fYhkRxlSEys сілтемесі бойынша Хабар 24 телеарнасы дайындаған бейнесюжетті көруге ұсынамыз.


тiзiмге қайтару