Ұлттық нейрохирургия орталығына Атырау облысының делегациясы жұмыс сапарымен келді

бейсенбі,  18  Май  2023

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығына Атырау облысының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев, сондай-ақ өңірдің медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері болды. 

   Сапар аясында делегация мүшелеріне Орталықтың қызметі, клиникалық бөлімшелер жұмысы, сондай-ақ медицина ғылымындағы жетістіктер және Нейрохирургия орталығының тәжірибесінде техниканы қолдану таныстырылды. Сондай-ақ, кездесу барысында қонақтар Орталық резиденттерімен кездесіп, Атырау облысының медициналық мекемелерінде Орталықтың жас мамандарын жұмысқа орналастыру дайындығы мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


тiзiмге қайтару