Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өтті

дүйсенбі,  5  Июнь  2023

  Бүгін Іс  жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өткізді.

   Оған Ұлттық нейрохирургия орталығының 1, 2 және 3 курс резиденттері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнінен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы тұсаукесерден басталды.

   Іс  жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Ельмира Абылхасанова құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығы туралы баяндады. Іс - шарада резиденттер мемлекетіміздің рәміздерімен, әрбір мемлекеттік рәміз - Ту, Елтаңба және Гимнің шығу тарихымен  танысты.

    «4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күн - Қазақстан Республикасының рәміздерінің туған күні, еліміздің тарихында мәңгі қалады. Әрбір қазақстандық үшін бұл күн маңызды.  Ту, Елтаңба және Әнұран – біз үшін және Тәуелсіз Қазақстан үшін үлкен құндылығымыз»- деп, атап өтті Ельмира Абылхасанова.


тiзiмге қайтару