Ұлттық нейрохирургия орталығында баспасөз туры өтті

жұма,  9  Июнь  2023

  Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп ұйымдастырылған баспасөз туры өтті. Журналистерге Орталықта жасалатын жоғары технологиялық оталар мен МӘМС бойынша медициналық көмек алу үшін өңірлерден осы орталыққа келетін пациенттердің маршруты туралы айтылды.
  Баспасөз тур барысында Ұлттық нейрохирургия орталығының медициналық директоры Асылбек Калиев Орталықта көрсетілетін медициналық қызметтер, пациенттерді емдеуге жатқызу алгоритмі, осы кезеңге дейінгі жасалынған оталар, оның ішінде МӘМС бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолданып жасалынған оталар туралы айтып берді.
   «15 жылдың ішінде Ұлттық нейрохирургия орталығында 60 мыңнан астам пациент емделді, 40 мыңнан астам ота жасалды. Тек 2022 жылы біздің орталықта МӘМС бойынша 4 мыңнан астам пациент емделді, оның ішінде 15% жағдайда жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып оталар жасалынды. Сондай-ақ, Гамма-пышақ технологиясы бойынша оталарды жүргізудің тиімділігін атап өткім келеді. Құрылғы ісіктерді, тамырлы және функционалды ми ауруларын трепанациясыз және наркозсыз емдеуге мүмкіндік береді. Медициналық көмектің бұл түрі 2021 жылы МӘМС бойынша көрсетілетін қызметтер тізіміне енген болатын. Өткен жылы біз осындай 460 ота жасадық », – деп айтып өтті Асылбек Калиев.
   Сонымен қатар Асылбек Қалиев емделушілердің үйлерінен шықпай-ақ Орталық мамандарынан онлайн кеңес алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Онлайн консультация электронды пошта арқылы жүзеге асырылады. Пациенттер соңғы МРТ/КТ суреттерін, ауруханадан шығуын (бар болса) және денсаулық жағдайының сипаттамасын электрондық пошта арқылы жіберуі керек.
Емхана мамандары Орталықта емделу қажеттілігі туралы консультативтік қорытындыны алғаннан кейін Емдеуге жатқызу бюросының порталына құжаттарды тапсырады. Одан кейін науқастар белгіленген күні Орталыққа жатуға келеді.
   Баспасөз туры барысында журналистерге қабылдау бөлімшесінің, кейбір клиникалық бөлімшелердің, сондай-ақ радиология және радиохирургия бөлімшелерінің жұмысы көрсетілді, соның ішінде Гамма-пышақ аппаратының жұмыс принципі таныстырылды.


тiзiмге қайтару