Медицина қызметкері күніне орай Ұлттық нейрохирургия орталығының үздік мамандары марапаттарға ие болды

дүйсенбі,  19  Июнь  2023

  Бүгін Медицина қызметкері күніне орай Серик Акшулаковтың төрағалығымен өткен «ҰНО» АҚ ұжымының апта сайынғы жиналысында Ұлттық нейрохирургия орталығының үздік мамандары марапаттарға ие болды. Ұлттық нейрохирургия орталығының дамуына қосқан жеке үлесі, бастамашылдығы, өзінің еңбек міндеттерін мінсіз және адал орындағаны үшін «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен Орталықтың үздік 10 қызметкері марапатталды.

   Қоғамның Басқарма Төрағасының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды:

1) Курманбаев Оразгали Нурзилдаевич -Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері;

2) Дагманова Айгерим Оразгалиевна -Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің пост мейіргері;

3) Нугуманова Меруерт Мархаватовна -Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің пост мейіргері;

4) Хамитова Сапура Мукажановна-Патологоанатомиялық бөлімшенің зертханашы-гистологы;

5) Жилкибаева Карлыгаш Калибаевна-Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің жетекші маманы;

   Қоғамның Басқарма Төрағасының алғыс хатымен марапатталды:

1) Абишева Айнур Каирбековна -Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің физиотерапевт дәрігері;

2) Косакова Зерб Куандыковна -Консультативтік-диагностикалық бөлімшенің функционалдық диагностика кабинетінің мейіргері;

3) Лепеспаева Бибигуль Тизекпаевна - Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері;

4) Хамбар Еркегүл-Патологоанатомиялық бөлімшенің кіші персоналы;

5) Пернебаева Мейрамкул Бердимуратовна - Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің кіші персоналы.

   Әріптестерімізді лайықты наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз және оларға және жақындарына зор денсаулық, табыс, бақыт пен амандық тілейміз!


тiзiмге қайтару