Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен келді

жұма,  16  Июнь  2023

  Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Асылбек Есімханұлы Есенбаев Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен келді.

  Сапар барысында Асылбек Есімханұлы медициналық мекемедегі жалпы медициналық сервистің сапасын арттыруға кедергі келтіретін проблемалар туралы сұрады.

  Сондай-ақ, кездесу барысында сумен жабдықтау, материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңарту қажеттілігі және т. б. сияқты кейбір әкімшілік-шаруашылық мәселелер талқыланды.

  Осы жұмыс сапары барысында туындаған мүмкіндікті пайдалана отырып,  әкім Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымын алдағы кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен құттықтап, амандық, бақыт, денсаулық және табыс тіледі!


тiзiмге қайтару