Ақ жол, Ұлттық нейрохирургия орталығының түлектері!

дүйсенбі,  31  Июль  2023

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» (2019-2023) және «Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы» (2021-2023) мамандықтары бойынша түлектерге резидентураны бітіргені туралы куәліктер табыс етілді.

  «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов пен Нейрохирургия және неврология кафедрасының меңгерушісі Талғат Пазылбеков жас мамандарды резидентураны аяқтауларымен құттықтады.

   Серік Қуандықұлы түлектерге Орталық қабырғасында үйренгеннің барлығын сәтті қолданып, кәсіби жолдарының жемісті, болашақтарының зор болуын тіледі. «Бүгін сіздер толыққанды маман екендігіңізді растайтын мемлекеттік куәлікке ие болдыңыздар. Көп еңбектеніп, нейрохирургия және неврология саласының жоғары білікті мамандары болып өстіңіздер. Төрт жыл ішінде сіздер науқастарды диагностикалау мен хирургиялық емдеудің жаңа күрделі әдістерін зерттеп, заманауи құрал-жабдықтар мен аспаптарды игердіңіздер, медицинаның соңғы жетістіктерін меңгердіңіздер. Осы Орталық қабырғасында алған білімнің барлығы сіздің кәсіби өміріңізде сәтті қолданылады деп ойлаймын және болашақта сіздердің жетістіктеріңіз туралы әлі еститін боламыз деп үміттенемін. Сәттілік, ақ жол, түлектер!– деп Серік Қуандықұлы түлектерге жылы лебізін білдірді.

  Бүгінгі таңда Ұлттық нейрохирургия орталығы қабырғасынан 71 резидент түлеп ұшқан: 50 маман «Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша, 21 маман «Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы» мамандығы бойынша білім алды.
Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы түлектерді резидентураны сәтті аяқтауларымен құттықтап, зор денсаулық, жұмыстарына толағай табыс, үздіксіз жетілу және халық игілігі жолында үлкен жетістіктер тілейді!


тiзiмге қайтару