ҰНО дәрігерлері сәби шағынан бастап эпилепсиямен ауыратын науқастың миына операция жасады.

жұма,  28  Июль  2023

Ұлттық нейрохирургия орталығында дәрігерлер сәби шағынан бастап эпилепсиямен ауыратын 24 жастағы науқастың миына операция жасады.

Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің пациенті Жаннат Талипбаева өзінің сырқаты жөнінде сыр бөлісті. Пациенттің  айтуынша, эпилепсиялық ұстамалар оның өмірінің алғашқы жылынан бері жалғасып келеді. «Менің анам бір жасымда алғашқы қысқа уақыттағы эпилепсиялық ұстаманы бастан өткергенімді айтты.  Ұстама кезінде менің денем  қатып қалатын, ернім көгеріп, содан кейін аузымның айналасы ақ түске айналатын, бәрі басылғаннан кейін балалармен қайтадан ойнап кететінмін. Ол кезде  эпилепсия сияқты диагноздарға сенбейтін және мені дәстүрлі емес әдістермен емдеді, көз тиген деп ойлады. Ұстамалар тоқтамағандықтан, алты жасымда ата-анам дәрігерлерден көмек сұрай бастады.  Сонымен, мен құрысуға қарсы дәрілерді  қабылдай бастадым. Бірақ, жылдар өте келе дәрі-дәрмектер ішуден нәтиже шамалы бола бастады, ұстамалар жиілеп кетті, күн сайын, күніне  3-4 ұстамаға дейін жететіп есімнен танатынмын және әр ұстамадан кейін мен өзіме келуім үшін көп уақыт қажет болатын болды. Мен бұл аурудың емін таба алатын ақпаратты іздей бастадым. Интернеттен мен Ұлттық нейрохирургия орталығын таптым, Ибатова Гаухар Сұлтанханқызына жазылдым. Дәрігер МРТ суреттерін қарап, менің жағдайымда маған эпилепсияға хирургиялық емдеу қажеттілігі бар-жоғын анықтау  үшін қосымша тексерулер қажет екенін айтты. Қосымша тексеруден өтіп, соның ішінде иктальдік ЭЭГ-дан өттім. Бұл ұстаманың болып жатқан кезінде жасалатын талдама. Жасалған барлық қорытындылардың нәтежесінде аурдың айқын ошағы табылып және эпилепсияның  Фармакорезистентік формасы анықталды. Менің жағдайым хирургиялық емдеуге жарамды деген жауап алдым. Бүгін операциядан кейін 7 күн өтті, ұстамалар болған жоқ, дәрігерлер біртіндеп дәрі - дәрмекпен емдеуді реттейді, мен үшін ең бастысы, ұстамалар жоқ», - деп, бөлісті Жаннат.

Дәрігер невролог-эпилептолог Ибатова Гаухар Сұлтанханқызының айтуынша, науқаста оң жақтағы ортаңғы бассүйек шұңқырының арахноидты жылауығы, эпилепсиялық ұстамалардың ошағы болып табылатын мидың оң жақ маңдай бөлігінің көлемінің атрофиялық редукциясы анықталды.
Невролог-эпилептолог дәрігер  Гаухар Сұлтанханқызы Ибатованың айтуынша ЭЭГ, 3 Тесла МРТ деректері көрсеткендей,  пациентте оң жақ самай бөлігінде эпилепсиялық формадағы белсенділік ошағы анықталған.
«Біз пациентке нейронавигация мен электрокортикографияны қолдана отырып, мидың «қыртысын» тікелей жазумен, гипокампты оң жақтан микрохирургиялық алып тастау операциясын жасадық. Диаметрі 3*3 см болатын, оң жақ самайлық  кең жайылған эпилепсия ошағы алынып тасталды. Операциядағы қиындық маңдай және самай бөліктерінің бірнеше айқын жабысып қалуымен байланысты болды. Сондай-ақ, ми қыртысынан жабысып қалулар ажыратылды. Біздің міндетіміз эпилепсия ошағын жоюдың тұтастығына ұмтылу ғана емес, сонымен қатар пациенттің өмір сапасының бастапқы деңгейін сақтау болды. Ми заттегінің оған жататын қабықшалармен жабыспаларының болуы операция процесінің күрделенуіне әкеліп соғады, бұл функционалды аймақтардың қыртысты бөліктеріне зақым келтіру ықтималдығын арттырады. Операция науқас үшін неврологиялық тапшылықсыз сәтті өтті. Бұл операция пациенттің өмір сүру сапасын тек жақсы жаққа айтарлықтай өзгертеді деп үміттенеміз.» - деп, өз ойымен бөлісті невролог-эпилептолог дәрігер, «ҰНО»АҚ профессоры Гаухар Сұлтанханқызы Ибатова.

Операция науқас үшін неврологиялық тапшылықсыз сәтті өтті. Науқаста эпилепсиялық ұстамалар операция жасалған күннен бастап пайда болмайды. Бұл операция науқасқа МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді.
Мұндай аса күрделі операцияны профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Акшулаков, Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігерлері Мұратбек Тілеубергенов және Дәурен Жақсыбаев жүргізді. Сондай-ақ, операция кезінде көпбейінді дәрігерлер  тобы жұмыс істеді, оның құрамында мол тәжірибелі дәрігерлер болды - бұлар дәрігер-анестезиолог Раушан Токшекенова және дәрігер эпилептолог-нейрофизиолог Гаухар Ибатова.


тiзiмге қайтару