ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының делегациясы Ұлттық нейрохирургия орталығына келді
сейсенбі, 15 Август 2023
Бүгін ҚР ҰҒА Вице-президенті Ләззат Ералиева бастаған ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының делегациясы Ұлттық нейрохирургия орталығына ресми сапармен келді. Кездесуге Еуразиялық медициналық қауымдастықтың Вице-президенті Надежда Петухова, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Ғылым департаментінің бас сарапшысы Динара Стамбекова қатысты.
Сапар барысында қонақтар Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметімен танысты, онда «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков нейрохирургиялық пациенттерді емдеудің заманауи әдістері, Орталықта қолданылатын жаңа технологиялар туралы баяндады. Сонымен қатар, Серік Қуандықұлы Нейрохирургия орталығында жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар мен сәтті жүзеге асырылған жұмыстарға жеке тоқталып өтті.
Сондай-ақ, делегация қатысушылары Орталық Азиядағы жалғыз «Гамма-пышақ» қондырғысы жұмыс істейтін Радиология және радиохирургия бөлімшесінің жұмысымен танысты, онда Ұлттық орталықтың тәжірибесінен күрделі клиникалық жағдайлар көрсетілді.
Кездесу соңында ҚР ҰҒА Вице-президенті Ләззат Ералиева Ұлттық нейрохирургия орталығының заманауи жабдықталуына жоғары баға беріп, отандық медицина ғылымын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеу мақсатында өзара ынтымақтастыққа ниет білдірді.







