Кәсіподақ комитетінің өкілдері ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

сәрсенбі,  23  Август  2023

   Бүгін «ҰНО» АҚ кәсіподақ комитеті Нейрохирургия орталығы  қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына, соынмен қатар көп балалы аналарға және жалғызбасты аналарға жағымды тосын сый жасады.

   Жаңа оқу жылы қарсаңында оларға оқуға қажетті кеңсе тауарларын сатып алуға 10 000 және 5 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Нейрохирургия орталығында барлығы 30 бірінші сынып оқушысы және 51 көпбалалы және жалғызбасты аналар орталықта жұмыс істейді.

   Кәсіподақ комитетінің өкілдері ата-аналарды  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады және бірінші сынып шәкірттеріне оқуда озат, толағай  табыстар мен жетістіктер тіледі.


тiзiмге қайтару