ҰНО-да «Кіші инвазивті жұлын нейрохирургиясы, операциядан кейінгі кезеңдегі мейіргердің рөлі» конференциясы өтті
бейсенбі, 21 Сентябрь 2023
Бүгін, 21 қыркүйекте "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ-ның Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі «Кіші инвазивті жұлын нейрохирургиясы, операциядан кейінгі кезеңдегі мейіргердің рөлі» тақырыбында мейіргер мамандарының конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияны "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ Мейіргер ісі жөніндегі директоры Жұмабаева Алтын Зурашқызы құттықтау сөзімен ашты.
Бұдан әрі Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Жандос Тұйғынов сөз сөйледі. Жандос Тұйғынов өз баяндамасында кіші инвазивті жұлын операцияларының ерекшеліктері мен әдістері туралы баяндады, сондай-ақ дәрігер операциядан кейін пациенттерге күтім жасауда мейіргердің маңызды рөлін атап өтті.
Кіші инвазивті нейрохирургиялық операциядан кейін пациенттерге күтім жасау ерекшеліктері туралы бөлімшенің пост-мейіргері Мадина Бабаева айтып берді. Осы бейіндегі маман операцияға дайындық қалай жүргізілетіні, операциядан кейінгі пациенттерге мейіргердің іс-шаралар жоспары, сондай-ақ пациенттерге күтім жасау тәжірибесімен бөлісті.
Қорытынды сөзді Сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы Файзула Бисмильдин алды. Ол медициналық көмектің сапасын арттыруға және ықтимал тәуекелдерді азайтуға ықпал ететін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Файзула Бөкейұлы бөлімшенің медицина қызметкерлерінің білім деңгейін және конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтті.







