Елордалық дәрігерлер жүктіліктің сегізінші айындағы әйелге екі сәтті отаны бір мезгілде қатар жасады

сейсенбі,  26  Сентябрь  2023

   Ұлттық нейрохирургия орталығында нейрохирург дәрігерлер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушер-гинекологтарымен бірлесіп бір мезгілде 2 операция: Мидың сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігіндегі ісікті микрохирургиялық алып тастау және жүктіліктің 34 аптасында әйелге кесарь тілігі арқылы босану операциясын жасады.

   Ағымдағы жылдың шілде айында жас әйелде көлемді ісік анықталды. Жүктіліктің 29-шы аптасында науқас Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызылды және іштегі шарананы сақтай отырып, сол жақ маңдай бөлігінің ісігін алып тастау үшін операция жасалды. Науқас денсаулығы жақсарып, үйге шығарылды.  Бірақ көп ұзамай әйел соңғы уақытта денсаулық жағдайының нашарлағанын байқай бастады. Динамикада мидың МРТ жасалды, онда ісік мөлшерінің ұлғаюы анықталды. Операциядан кейін науқастың негізгі диагнозы дами бастады, ісік мөлшері ұлғая бастады және функционалды маңызды аймақтарға тез өсе бастады, бұл пациенттің қозғалыс және сөйлеу орталықтарының бұзылуына әкелді.

   Мидың сол жақ маңдай-самай-төбе  бөлігіндегі ісікті микрохирургиялық алып тастау екінші операциясы нейрохирург дәрігерлермен жасалды. Көлемді ісік толығымен жойылды. Дәрігерлердің басты міндеті ана мен оның іштегі баласына зиян келтірмеу үшін дұрыс хирургиялық тәсілді таңдау болды.

   Нейрохирургтармен бір мезгілде кесарь тілігі арқылы босанған акушер-гинекологтар жұмыс істеді. Салмағы 1350 грамм және бойы 48 см бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте одан әрі медициналық күтім жасау  үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының Неонатология бөлімшесіне ауыстырылды.

   Екі операция да сәтті өтті. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, салмақ жинап, өсе бастады. Науқас сондай-ақ өзін жақсы сезінеді және үйге жақсартумен шығарылады.

   Бұл операцияны Нейрохирургия орталығының үздік дәрігерлерлік командасы жүргізді, Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі проф. Н.Ә. Рыскелдиев, нейрохирург дәрігер М.А. Тлеубергенов, анестезиолог О.Н. Құрбанбаев, анестезист  Р.Б. Жаксимбекова, сондай – ақ Ана мен бала орталығының тәжірибелі дәрігерлері-акушер-гинекологтар      Г.Б. Бапаева, К.Т. Тогызбаева, балалар анестезиологы Т.Е. Ибраев және неонатолог К.Т. Саулетбек.

   Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлерінің есебінде мұндай операция үшінші рет жасалып отыр.


тiзiмге қайтару