Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары келді
жұма, 29 Сентябрь 2023
Бүгін 29 қыркүйекте өткен ҚР ДСМ Алқа отырысы аясында Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары келді.
Сапардың мақсаты - Нейрохирургия орталығының енгізілген озық тәжірибелерімен танысу, кейіннен өңірлерге трансляциялау және жұмыс барысында пайдалану үшін.
Сапар барысында қонақтар Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметімен, нейрохирургиялық пациенттерді емдеудің заманауи әдістері, Орталықта қолданылатын жаңа технологиялармен танысты.
Сондай-ақ, делегация қатысушылары Госпитальдық фармация бөлімінің жұмысымен танысты. Госпитальдық фармация бөлімінің мамандары «ҰНО»АҚ жағдайында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инновациялық басқару» тақырыбында презентация көрсетті.
Госпитальдық фармация бөлімінің бас маманы, фармаколог дәрігер Владимир Суров қонақтарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі туралы, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы баяндады.
Кездесу соңында ДСБ басшылары Ұлттық нейрохирургия орталығының заманауи жабдықталуына жоғары баға беріп, өзара ынтымақтастыққа ниет білдірді.







