Халықаралық қарттар күніне орай Нейрохирургия орталығының ардагерлері үшін Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік түскі ас өтті

дүйсенбі,  2  Октябрь  2023

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Халықаралық қарттар күніне орай Нейрохирургия орталығының ардагерлері үшін Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік түскі ас өтті. Үлкен дастарханға 30-дан астам ардагер жиналды. Олардың арасында дәрігерлер, мейіргерлер, лайықты зейнет демалысында жүрген әкімшілік қызметкерлері мен әлі күнге дейін өздерінің кәсіби міндеттерін атқарып жүргендер де бар. Аталған азаматтар барлық күш-жігері мен білімін, тәжірибесін пациенттердің денсаулығын жақсартуға бағыттады, көптеген жылдар бойы өздерін Орталықтың құрылуы мен қалыптасуына арнады. 

  «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов алғыс сөздерін және ізгі тілектерін жеткізді: «Құрметті әріптестер, ардагерлер, біздің Орталықтың дамуына қосқан үлесіңіз үшін, жанқиярлық ерен еңбегіңіз үшін, әрбір пациентке танытқан мейірімділік пен қамқорлығыңыз үшін Сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді. Осы әдемі күнде бізде барлығыңызды жинап, бұл туралы айтуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Бүгін Сіздермен үлкен дастархан басында кездесіп, біз өзіміздің жанға жылы естеліктерімізбен бөлісудеміз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, өмірлік қуат, амандық, ақыл-ой мен сарқылмас күш- қуат тілеймін!».

  Мереке соңында Кәсіподақ комитеті ардагерлерге тәттілер табыстады. Ал ардагерлер өз кезегінде мерекені ұйымдастырушыларға осындай атаулы күнде көңіл бөліп, осындай іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болып, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтып, барлық қызметкерлерге жарқын күндер мен ашық аспан, мол мейірім, шапағат тіледі.


тiзiмге қайтару